29
декабрь
2018
«Мектеп күні» мерекесі
Аталған күні Бауыржан Момышұлы атамыздың 108 жасқа толу мерей тойына байланысты үлкен салтанатты жиын өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қыржыбаева Л. Қ. салтанатты жиынды хабарлап, ашқан соң, «Қазақстан Алға!» музыкалық композициясы қойылды. Құттықтау сөзін мектеп директоры Сатыбалдинова З. К. Алғаннан кейін, мектеп бұйрығымен директордың оқу жөніндегі орынбасары Копбосынова А. Н. Жыл бойындағы қортындысы бойынша «Үздік сынып», «Үздік оқушы», «Үздік сынып жетекші» сияқты әртүрлі бағамдармен ұстаздар мен оқушылар марапатталды. Өнер, білім, спорт белсенділері де құр қалмады. 10 «А» сынып оқушыларының дайындаған әдебимонтажы мен «Рухани жаңғыру» әні келген қонақтардың да, оқушылардың да жүректерін тебірентті. 9 «Б» сынып ұлдар сарбаздар киім үлгілерімен Бауыржан атамыздың нақыл сөздерін айтып болған соң, Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлер рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу «Үнсіздік минуты» жарияланып, соғыстарда мерт болған ағаларымызды еске алып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.