Жас ұлан
14 желтоқсан күні 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 5- сынып оқушыларын «Жас Ұлан» ұйымы мүшелігіне қабылдау салтанатты жиыны.
Оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастырып, қайратты, білімді болуға, адамгершілік қасиеттерді бойғасіңіріп өсуге дағдыландыру.
Салтанатты жиын әр топтыңқыранбасылары мектеп Ұланбасы баянатбереді. Мектеп Туы мен «Жас Ұлан» ұйымының туы енгізіліп, Мемлекеттік әнұран орындалады. Ортаға «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының қатарына кіру үшін салтанатты түрде ант тапсыруға 5 Б сынып оқушысы Бейсембекова Перизат пен 5 «Г» сынып оқушысы Зазуля Дмитрий шақырылды. Төсбелгі мен мойынтақ тағу құрметі мектептің үздік оқушыларына, шақырылған қонақтар мен мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілеріне, «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелеріне ұсынылды.
«Жас Ұлан» ұйымының қатарына өткен жасөспірімдерді құттықтау үшін сөз кезегі құрметті қонақтарға берілді. Мерекелік рәсімге «Жас ұлан» ұйымының 7 «А», 7 «Б», 7 «В», 7 «Г» сынып топтары салтанатты жиынға арналған саптық шеруде өнерлерін көрсетіп, үздік саптық шеру жасағаны үшін 7 «А»- сынып оқушылары – «Жамбыл Жабаев» атындағы топ І орынмен марапатталды.