« Ауғанның от - жалыны» Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанын күніне орай ұйымдастырылған іс шаралар » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 3-15-40
Есепші бөлімі:
+7(72) 3-62-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « Ауғанның от - жалыны» Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанын күніне орай ұйымдастырылған іс шаралар
25
март
2018

« Ауғанның от - жалыны» Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанын күніне орай ұйымдастырылған іс шаралар

« Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ-сінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанын күніне орай  Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлер рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында салтанатты жиын өткізілді. Жиынға шақырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері: Альмухаметов Т. Б., Данияров Мурат Тынысбекович, Жақыпбеков Ғалымбек Қызырбекұлы, Козлов Владимир Александрович. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қыржыбаева Л. Қ. салтанатты жиынды хабарлап, ашқан соң  10 «В» сынып оқушыларының дайындаған әдебимонтажы мен «Жди меня, мама» әні келген қонақтардың да, оқушылардың да жүректерін тебірентті. Құттықтау Ауған соғысының ардагері, күнделікті қасымызда жүрген мектебіміздің ұстазы В. А. Козловқа берілді. Үнсіздік минуты жарияланып, Ауған соғысында мерт болған ағаларымызды еске алып,  ескерткішке гүл шоқтары қойылды. 
 Жиын, Қарымсакова Г. О. мен 5 «Б» сынып сынып оқушыларының дайындаған        « Ауғанның от - жалыны» тәрбие сағатымен жалғасты. Жүрек тебірентер әдебимонтаждан кейін биылғы жылы әскер қатарына шақырылатын 10 – 11 сынып шәкірттерімізге «Әскери куәлік» беру рәсімімен айқындалды. Мектебіміздің Алғашқы әскери жетешісі А. Ж. Санжинов пен В. А. Козлов куәліктерді салтанатты түрде берген соң, мектеп директоры З. Қ. Сатыбалдинова «жас сарбаздарды» құттықтады. Тәрбие сағаты  тамаша әнмен, күймен жалғасып, осындай бір  керемет, жақсы көңіл күйге бөлеп,  аяқталды.
 <!-- [if !supportLineBreakNewLine] --> 



 



 

 


 

 




 

 



 

 



 


 




 

 


 <!-- [endif] -->