Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына орай өткізілген « Астана – Елімнің жүрегі» атты сыныптан тыс іс шара
« Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ-сінде 21 ақпан күні тарих пәнінен аудандық семинар өтті. Ұстаздарды құрметтеп қарсы алу мақсатында домбырашылар ансамбілі «Балбырауын» күйімен, күй тартыс ретінде «Қара жорға», « Ерке сылқым», «Адай» күйлерімен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жалпы мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімдері: Жуманова Г. Т., Кебиспаев Е. М., Нұрахметов А. Ш., Мухамеджанова Ш. Қ., Мусин С. Б. сапалы да, тартымды сабақтарын өткізгеннен кейін, Г. Ж. Тұрдыбаева, Ж. А. Искакова, Г. Т. Мукушева келген қонақ-ұстаздармен қызықты коучинг өткізді.
Келесі кезекте, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Қ. Қыржыбаеваның бастамасымен 10 «Б» сынып оқушылары мен 3 «А» сынып оқушыларының, сынып жетекшілері Ж. Д. Габдуллина, Д. С. Дүйсембаева, Астана қаласының 20 жылдығына орай « Астана – Елімнің жүрегі» атты сыныптан тыс іс шара өтті. Бұл жерде Қазақстанның соңғы жылдардағы Астаналарына ерекші назар аударылды. Орынбор қаласы жайында толық мағлұмат беріліп, осы қалаға арнау ретінде қазақтың ішекті аспаптар ансамбілінің орындауында, Ұлы Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» әні орындалды. Қызыл Орда қаласы туралы өлең жолдары, тарихи деректерге тоқталған соң, мектебіміздің мақтанышы, бишіміз Кабиева Меруерттің орындауындағы « Жез киік» биі көрермендер назарында болды. Верный қаласының Алматы қаласы атауын алғаны, «Алмалы Алматы» жайында толық айтылғаннан кейін, вокалды топ әншілеріміз « Туған жер» әнін аккапело түрінде орындап, елді таң қалдырды. Ал, Еліміздің жүрегі – Астана қаласы жайында тіпті көптеген ақпараттар айтылып, өлең шумақтары мен өздері шығарған тақпақтары мүлдем ерекше болды. Астана қаласының символы болып саналатын Бәйтерекке, сондай-ақ басқа да зәулім ғимараттарға деректер беріліп, көрмеде тұрған макеттер арқылы көрсетілді. Соңында, 10Б сынып оқушысы Данабекова Нұргүл мен Мақсұтқан Нұрәлінің « Елімнің жүрегі – Астана» әні шырқалып, 20 санымен Астананың 20 жылдығын сомдап, конфетти шашылды.
Қойған мақсатымызға жетіп, келген қонақтарымыздың көңілдерінен шыққанымызға, мектеп ұжымы мен оқушылары дән риза.