Қамқорлық – ізгі іс
Қамқорлық – ізгі іс
«Бауыржан МомышұлыСредняя школа имени» КММ-де жыл сайын дәстүрге айналған қамқорлық іс-шаралардың бірі- қарт кісілерге көмек беру болып табылады. Оқу жылының басында әр сыныптан топтар құрылып, бекітілген қарт кісіге жыл бойы сұралған көмектерін көрсетіп, мереке күндері көңілдерін көтеріп те қайтады. Әр жыл мезгілінің өзіндік қиыншылық уақыты болады, күз мезгілінде өнімдерін жинау болса, қыс мезгілінде қар күреу. Мектебіміздің тек мөлтекаудандарындағы қарт кісілерден басқа да зейнеткер ұстаздарға да көмек қол үшін беруде. 10 «Б» сынып оқушылары 2 рет денсаулық жағына байланысты музыка пәнінің мұғалімі В.А. Козловқа, 9 «А» сынып оқушылары Елеусизова Нағиман апаға, 8 «В» сынып оқушылары Везирякина апамызға, 9 «В» сынып оқушылары Кереғазы атамызға көмек қолдарын созып, қарларын күреді.
«Үлкенге-құрмет, кішіге ізет»- деп айтқандай, мөлтекауданда тұратын қарт кісілерге әрқашан көмек қолдарын созуға дайын. Мектепішілік «Қамқор» атты көмек тобы өз жұмыстарын жалғастыруда.