01
октябрь
2018
«Қарттарым ауылы қазыналы!»
1-қазан қарттар күніне орай мектебімізде мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Қарттарым ауылы қазыналы!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Оған 8 «А» сынып оқушылары мерекелік концерт дайындап, өзге 8 «Б», 8 «В», 8 «Г» сыныптары дастархан мәзірін жасады. Мерекелік кешке 80-нен астам қариялар мен апа- әжелер шақырылды.
Мереке мектеп директоры З.К.Сатыбалдинова құттықтау сөзімен басталып, ары қарай 8 сынып оқушылары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекені тартымды да қызықты қылып өткізу – тәрбие ісінің меңгерушісі Л.Қ.Қыржыбаеваға жүктелді. Мерекелік концертке мектептің барлық өнерлі оқушылары мен бастауыш сынып бүлдіршіндері қатысты. Келген қонақтарға әр түрлі ойындар ойнатылып, биден конкурстар ұйымдастырылып, қариялар да өз өнерлерін ортаға салысты. Ойынға қатысқан, белсенді қонақтарға сый-сияпат үлестірілді. Әсіресе, бір шаңырақ астында оқушыларға тәлім-тәрбие беріп, мектебімізде бірге жұмыс істеп, зейнетке шыққан қарт ұстаздарымызға ерекше көңіл бөлініп, арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Кеш көпшіліктің көңілінен шығып, қарт аталарымыз бен апаларымыз бір марқайып қалды.Бұл кешке демеушілік жасап, түрлі сыйлықтар алып, ыстық тамақпен қамтамасыз еткен мектептің кәсіподақ ұйымы болды.