«8 наурыз- Халықаралық әйелдер»
«Б. МомышұлыСредняя школа имени» КММ-сінде «8 наурыз- Халықаралық әйелдер» күніне орай іс- шаралар жоспары жасалып, апталық өткізілді. Мектебіміздің жас мамандары Нұртаева Е. Т. мен мектеп кеңесі «Ұстаз – ана, Ұстаз - дана» демекші мектеп ұстаздарын паш ету, «Ана – бұлақ» демекші мектептің кіші қызметкерлерін, оқушыларымыздың аналарына құрмет көрсету,«Қыз – елдің көркі» демекші мектебіміздің ару қыздарын қошеметтеу мақстында осы аталған аруларымызды мектепке кіре берістен «Қошеметтеп қарсы алу» сәтін ұйымдастырып, «орамал тон болмайды, жол болады» демекші естелікке құттықтау тілектер жазылған шай ішетін ыдыс сыйлық ретінде берілді.
8 сыныптар арасында «Наурыз Аруы» өтті. Сынып жетекшілер : Мукушева Г. Т. , Елеусізова А. Т., Ангельчева Л. Н. қыздарымен өте жауапкершілікпен дайындалып келді. Байқау қызықты да, көңілді болды. «Алғыс алған арымас» , «Ұстаз Ұлы тұлға» демекші, мектебіміздің ардагер ұстаздарын ұлықтап, мектепте сынып сағаттарында кездесу өткіздік, үйлеріне барып құттықтау сөздерімен шағын сыйлықтары берілді. «Мама, милая мама! » , «Ана – отбасымның діңгегі», «Ана – өмір шырағы» сынды тәрбие сағаттары 0 – 11 сыныптар арасында жоспарлы түрде өтті. Тыл ардагерлерін, үлкен әжелерімізді құрметтеу ,алғыс айту, көмек көрсету мақсатында мектеп оқушылары волонтерлік топтар бойынша жұмыс жүргізді, атап айтсақ, құттықтау тілектерімен азын аулық сыйлықтарын беріп, мерекелік көңіл-күйлерін көтеруге ат салысты.
«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты мектепішілік үлкен салтанатты жиынымыз қонаққа келген ардагер ұстаздарымыз бен арамызда жүрген мұғалімдер мен оқушы қыздарымыздың да көңілінен шықты. Мектептің ұлдарының түсірген бейнероликтерінен кейін 1-ші сынып оқушылары аналарымызды үш тілде құттықтап, тамаша ән шашулырын айтқан соң, мектеп директорының құттықтау сөзімен, марапраттау сәті болды. Ардагер ұстаздарымыз құттықтап, жақсы лебіздерін білдірді. 11 сыныптардың ұстаздарға тартуы ретінде Кәттебай Ерқанат өз анасын шақырып, елдің көңілін босатты. Ұстазымыз Анистратова Н. А. қызы Миланамен «Ты только живи, моя мама», 3 сынып оқушыларының «Мама, милая мама!», мектептің ер азаматтары атынан АӘД жетекшісі Санжинов А. Ж. ұлы Әділетпен « Ана! Мама!» әнін, жезтаңдай оқушымыз Қанат Райлының әні, 5 в сынып жетекшісінің дайындаған «Весенний вальс» биі, Кебиспаев Е.М, Жапаров Д. С., Аббасов Б. О., Альмисаев Е. А., Нұрахметов А. Ш. сынды азаматтарымыз өз қыздарымен «Әке мен қызы» биімен көрермендерді таң қалдырып, көңілдерінен шыға білді.