17
апрель
2021
«Ғасырлар толғауы» атты онлайн көрмесі
2020 жылғы 3 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасында «Рухани жаңғыру » аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Әл Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай Республикамыздың барлық аймақтарында көркем еңбек пәнінен сабақ беретін шығармашылықпен айналысатын дарынды ұстаздардың арасында ұрпақтан-ұрпаққа беріп келе жатқан төл өнеріміздің құндылықтарын ғасырлар қойнауындағы сәндік қолданбалы өнер жанрларымен басқа да өнер түрлерін байыта отырып ұрпаққа саналы тәрбие беру мақсатында «Ғасырлар толғауы» атты онлайн көрмесі болып өткен еді.Көрмені қорытындылай келе, шығармашылықпен айналысатын 110 ұстаздың үздік туындылары жинақталған «Бабалар аманаты» атты кітап жарыққа шыққан болатын. Көрме республикамыздың түпкір-түпкірінде көркем еңбек пәнінен сабақ беріп жүрген дарынды 110 ұстаздардың ішінде біздің мектебіміздің де ұстаздары Тизгимбаев Ерлан Қайроллаұлы пен Алипов Нұржан Төлеуғазыұлы қатысып, жүлделі I дәрежелі орындарға ие болды.
Шығармашылық табыс тілейміз.





Шығармашылық табыс тілейміз.





