«Жеңістер жемісі» » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Приемная
+7(72) 3-15-40
Бухгалтерия
+7(72) 3-62-02
Версия для
слабовидящих
24
декабрь
2018

«Жеңістер жемісі»

«Жеңістер жемісі»



24 желтоқсан күні 2018 жылы    «Бауыржан МомышұлыСредняя школа имени» отдела образования Урджарского районандеБүгінгі мектеп қабырғасында білім алып жатқан жас ұрпақ- ертеңгі  Тәуелсіз Қазақстанның болашағы. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға қолдау көрсетіп, үлгі ұсынуымыз керек. Жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашатын адам- Ұстаз. Сондықтан да  мектеп оқушыларының жеткен жетістіктерін дәріптеп, арманына қанат бітіру оларды бұдан да үлкен жетістіктерге жетелейтіні анық. Сонымен қатар, Ұстаздың мәртебесін көтеру, еңбегін бағалау кез келген көзі ашық азаматтың міндеті. Жеке оқушының жетістігін  насихаттау, үлгі ету және кез келген оқушының өзіндік талабын ояту және Ұстаз мәртебесін бағалау мақсатында«Жетістіктер жеңісі» тақырыбында  мектептегідарынды оқушылар мен шығармашыл ұстаздарды ұлықтау шеруі  өткізілді.

Мектеп атына орай  Бауыржан Момышұлы батырымыздың туған күніне сәйкес шеру өткізу дәстүрге айналған. Іс- шара мектеп туы енгізіліп, Бауыржан Момышұлы туралы естеліктерді таныстырумен басталды. Шеруге 1000 мектеп оқушылары мен 100 мектеп ұстаздары қатысты. Барлығы 400 оқушы: аудандық, облыстық пәндік олимпиадалар жеңімпаздары, ғылыми жоба жеңімпаздары, спорттық жарыс жеңімпаздары, өнерлі оқушылар, сонымен қатар жыл бойы өзіндік шығармашылығымен үлгі бола білген Ұстаздардың жетістіктері- «Ең үздік оқушы-2018», « Ең үздік сынып жетекші-2018», «Ең үздік кабинет-2018», тағы басқа атаулары бар вымпелге ие болып, ұлықталған дарынды оқушылар мен ұстаздар шеруімен басталды. 9- сынып оқушыларының мерекелік құттықтаумен  үздік маршировка көрсеткен «Лучший Жас Ұлан тобы мен Лучший Жас қыран тобы» маршировкаларын тамашалаумен жалғасын тапты. 

      Осы шараны өткізу арқылы оқушылар арасында өзіндік «МЕН» қалыптасады. Еңбек пен оқуға, білуге ұмтылыс, шығармашылық және мақсатқа жету, табандылық қасиеттері пайда болады. Ұстаздар еңбегі бағаланып, мамандығына деген құлшыныс артатынына сенімдіміз.