Адалдық сағаты » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 3-15-40
Есепші бөлімі:
+7(72) 3-62-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ноябрь
2019

Адалдық сағаты

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы А. Ж. Шпекбаевтың тапсырмасына сәйкес, « Б. Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ-сінде 2019 жылдың 6 қарашасында бірыңғай  жалпыреспубликалық  « Адалдық сағаттарын» өткізілді. Көздеген мақсатымыз: өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, 2050 жылы 30дамыған елдердің қатарына қосылған, бәсекеге қабілетті, саналы, экономикасы дамыған парасатты мықты мемлекет қалыптастыра, парасат пайымы ұшқыр, жан-жақты тұлғаларды тәрбиелеу. 

Аталған іс-шараға Үржар аудандық  «Nur Otan» партиясы филиалының төрайымы Р. Жунусовамен 8 «Б» сыныбы сынып жетекшісі Букашева Еркеш Сләмбекқызы кездесу , Үржар аудынының прокуроры, 1 класс юристы Е. Б. Енсебаевпен  8 «Г» сыныбы, сынып жетекшісі Нуракова Сандуғаш Ниязбекқызы дөңгелек үстел, Аудандық ІІБ ЖЖ инспекторы, полиция капитаны Е Бековтың қатысуымен 10 «Б» сыныбы, сынып жетекшісі Елеусізова А. Т. пікір талас, ардагерлер, ауыл тұрғындарымен, салықкомитетінің қызметкерлерімен сұхбат жүргізіп, үгіт парақшаларын тарату сынды жұмыстарды 9 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Судьянова Айнаш Абеновна атқарды. 

Тәрбие сағаттары 1 – 4 сынып оқушыларымен сынып жетекшілер «Адал, әділ болу арманым», «Біз адал ұрпақпыз» сынды тақырыптарда, 5-7 сыныптарда «Быть честным и искренним», «НЕТ КОРРУПЦИИ!», «Честность и порядочность – норма жизни», «АДАЛ ҰРПАҚ» тақырыбында өтсе, «Адал ұрпақ – мәңгілік ел болашағы» тақырыбын жоғары буын сыныптары ашты. 

Жоғарыда аталған іс-шаралар жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.