27
февраль
2019
Аудандық директорлар семинары
«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ-сінде 2019 жылдың 27 ақпанында өтілген аудандық «Білім беру мазмұның жаңарту жағдайында нәтижеге бағытталған басқару» атты мектеп директорларының семинары туралы
Мәлімет
Семинардың мақсаты: Ынтымақтастық орта қалыптастыра отырып білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында нәтижеге бағытталған мектептегі басқару жұмысын көрсету. Мектеп басқару ісіндегі кәсіби құзырлылықты дамытуда инновациялық әдістердің тиімді таңдау жолдарын айқындауға мүмкіндік тудыру және тарату.
Семинардың түйінді идеялары: топтық жұмыс, көшбасшылық, басқару, бағалау, құзіреттілік.
Семинардан күтілетін нәтиже: Ынтымақтастық орта қалыптастыра отырып, мектепті басқару моделінің жобасын жасауға жағдай жасалады.Мектеп басқару ісіндегі кәсіби құзырлылықты дамытуда инновациялық әдістердің тиімді таңдау жолдарын айқындауға мүмкіндік туады.
Семинар барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы, жаңартылған оқу бағдарламасы аясында, мектеп директоры З.К. Сатыбалдинованың басшылығымен он сегіз сабақ өтілді. Атап айтатын болсақ, мектеп директоры З.К. Сатыбалдинова «Lesson Stagy» зерттеу сабағын, оқу ісінің меңгерушілері А.Н.Копбосынова «Қайталау сабағы» мен Б.М. Смаилова «Жаңа сабақ», әдістемелік оқу ісінің меңгерушілері А.М. Арипханова «Жаңа сабақ» пен Н.Д.Сапаева «Түсіндірмелі -практикалық» сабақ өткізді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.А. Судьянова «Қорытынды сабақ», информатика пәнінің мұғалімі С.С.Калинина «Жаңа тақырыпта», химия пәнінің мұғалімі О.А. Сумбембаева «Жаңа тақырыпты меңгеру сабағын», бастауыш сынып мұғалімі О.А. Старикова «Бекіту сабағын» және А.К. Байсугурова «Қайталау сабағын», физика пәнінің мұғалімі Р.Р.Рашидов «Жаңа сабақ», ағылшын пәнінің мұғалімдері К.А.Ансабаева мен Г.С. Билялова «Ағылшын тілі» клубы, биология пәнінің мұғалімдері И.А.Логинова «Зерттеу сабағын», математика пәнінің мұғалімі Д.Н. Сагитов «Жаңа сабақ» өткізді.
Сонымен қатар, сыныптан тыс іс-шаралар мен әдеби сазды кеш пен коучингтар да ұйымдастырылды.
Тарих пәнінің мұғалімі А.Ш. Нурахметов «Мәнгілік Ел – Жарқын болашаққа бастар жол» атты сыныптан тыс іс-шара, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.А. Жунуспаев пен АӘД жетекшісі А.Ж. Санжинов «Салуатты өмір салты» атты шара өткізді.
Мектеп тәлімгерлері Ж.А. Абдирова мен тәрбие ісінің меңгерушісі Л.К. Кыржибаеваның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудың – рухани құндылықтары» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырды. Семинар соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Д. Тұрдыбаева мен бастауыш сынып мұғалімі А.Т. Болекбаева келген қонақтармен «Жаңаша оқыту – жетістік көзі» атты коучинг өткізді.





