«Қамқоршылық күні» мерекесіне арналған «Қамқорлық – ең ізгі қасиет» атты іс-шараның өту барысы туралы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 3-15-40
Есепші бөлімі:
+7(72) 3-62-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қамқоршылық күні» мерекесіне арналған «Қамқорлық – ең ізгі қасиет» атты іс-шараның өту барысы туралы
02
февраль
2018

«Қамқоршылық күні» мерекесіне арналған «Қамқорлық – ең ізгі қасиет» атты іс-шараның өту барысы туралы

Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде, Шығыс Қазақстан облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасының жыл сайын 29 қазанда еліміздің барлық аймақтарында жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды қамқорына алған азаматтарға арналып, «Қамқоршы күні» мерекесіне арналып, «Қамқорлық – ең ізгі қасиет» атты іс-шара өтті.

Тәрбиелік іс-шараның мақсаты: баланы өз отбасына тәрбиелеуге алған отбасыларына алғыс білдіру және марапаттау болып табылады. Өмірін бала игілігіне арнаған Сара Алпысқызы мыңдаған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы бақытты балалықтың бесігіне бөлеп, балаларды демалыспен қамту, сауықтыру орында жылына көпетегн балалар жоғары дәрежеде оқып білім алып, демалып, емделіп жүргеніне баса назар аударылды. Жүргізушінің кіріспе сөзінен кейін, 3 «Б» мен 3 «Д» сынып оқушылары қамқоршы ата-аналарды өлең жолдарымен құттықтады.

Мектебімізде 5 оқушы қамқоршының тәрбиеленуінде. Қонақтар: Қабдолданов Қайырхан, Қайырхан Жемісхан, Алимханова Ақбота, Тулегенова Роза мереке соңында сөз сөйлеп, ризашылықтарын білдірді. Сахнадағы оқушылардың билері мен әндері көрермендерді дән риза қылды.

Әр сынып оқушылары өз сыныптастарына, келген қонақтарға арнайы сыйлықтарын тартып, мерекелік дастархан жайып қарсы алды.

Тәрбиелік іс-шараны тәрбие ісінің меңгерушісі Л.К.Кыржибаева, әлеуметтік педагог Д.А.Галиев пен мектеп психологі Н.В.Жучок ұйымдастырды.