Алғашқы қоңырау
ШҚО, Үржар ауданы "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп" КММ - сінде 1 қыркүйек 2019 жылы балаларға білім күні үлкен мереке екенін жеткізе білу,сезіну,білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ" атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Жиында аудан әкімінің орынбасары Тұрлыбеков Б.К қатысып оқушыларды білім күнімен құттықтады.