« Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында « Наурыз – 2018» мерекелік іс-шаралар » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 3-15-40
Есепші бөлімі:
+7(72) 3-62-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында « Наурыз – 2018» мерекелік іс-шаралар
25
март
2018

« Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында « Наурыз – 2018» мерекелік іс-шаралар

7 сыныптар арасында « Наурыз – думан» атты сайыс ұйымдастырылып, ұлттық киім үлгілері, салт-дәстүрге байланысты сұрақтар, өнерлері, ұлттық ойындар ойнатылды. «Үлгілі сынып» болып, Судьянова А. А. жетекшілік ететін 7 «А» сыныбы,  «Өнерлі сынып» 7 «В» сыныбы Логинова И. А., « Білімді сынып» Б. С. Жапарова жетекшісі 7 «Б» сыныбы танылды. 

        9-10 сыныптар арасында «Наурыз Аруы мен Жігіт сұлтаны 2018» байқауы ұйымдастырылды. Байқауда : таныстыру, ұлттық киім үлгілері, сән үлгісі, ұлттық тағам, ұлттық ойындар ойнатылып, салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтар қойлып, ою ойғызып, өнерлері тамашаланды. « Бас жүлде» иегерлері, яғни «Наурыз Аруы мен Жігіт сұлтаны – 2018» бағамымен 9 «Б» сынып оқушылары Жұмақұнов Әділет пен Қанат Райла, 9 «А» сыныбынан Усаева Алина мен Қалиқанов Рүстем « Сыпайы жұп», 9 «В» сыныбынан Сычугова Светлана мен Ерошенко Владислав « Көрермендер көзайымы», 10 «А» сыныбынан Сайрамазанова Жазира мен Талғатұлы Әсет «Өнерлі жұп», 10 «Б» сыныбынан Биахмет Сая мен Самғат Жайық «Сүйкімді жұп» бағамымен марапатталып, бағалы сыйлықтар алды.