24
ноябрь
2021
Жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-де ұлттық намысты оятқан, әлемге қазақты танытқан, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне сәйкес, бүгін Жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өткізілді.Биылғы оқу жылында 5"А"- сынып оқушыларының қадамы оң болсын. 5"А"- сыныптың 20 оқушыларын И.С.Шакибаева салтанатты жиынға жақсы ұйымдастыра білген. Салтанатты жиында КР әнұраны шырқалып, салтанатты шерумен жалғасын тапты.
Құттықтау сөзбен мектеп директоры Сатыбалдинова Зәуре Қазезқызы, капитан Нұрғожанов Нұрбек Зейнеғабылұлы, аудан соғысының ардагері Альмухамедов Талғат Баширович шықты. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.О.Андасова елінің еңсесін көтеретін, айбынды азамат болатындарына сенім білдірді. Әскери жетекші А.Ж.Санжинов жас сарбаздарды қабылдаған ант борышын адал орындауға міндеттеді.
Сендер - ертеңгі болашақ- Отан қорғаушыларсыңдар