"Жас сарбаз" қатарына енудің ант қабылдау рәсімі » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 3-15-40
Есепші бөлімі:
+7(72) 3-62-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
апрель
2021

"Жас сарбаз" қатарына енудің ант қабылдау рәсімі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  ШҚО білім басқармасы  ауданы бойынша білім бөлімінің "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ- де "30 игілікті іс- шара" негізінде  АӘД пәнінің мұғалімі А.Ж.Санжиновтың ұйымдастыруымен 5"A"- кадет  сынып оқушыларының "Жас сарбаз" қатарына ене отырып, ант қабылдау рәсімі Сан Пин талаптарын қатаң сақтай отырып өткізілді. Ант қабылдау рәсіміне  Үржар ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығының әскери патриоттық және Қарулы Күштері мен ардагерлерімен жұмыс жөніндегі көмекшісі Нұрғожанов Нұрбек Зейнеғабылұлы да  оқушылардың ант қабылдау рәсімінің куәсі болды. Жас сарбаздарға жақсы тілектерін айтып, өз тілегін білдірді. Сонымен қатар, мектеп директоры З.Қ.Сатыбалдинова да болашақ жас сарбаздарға өз тілегін білдіріп, мықты азамат болатындарына сенім білдірді. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л Қ.Қыржыбаева мен мектеп тәлімгері Ж.А.Абдировалар  ант қабылдау рәсімінің  жоспарлы түрде өтілуіне ат салысты.