"Ауған асуында от кешкендер"
Кеңес дәуіріндегі тарихтың ақтаңдақ парақшаларының бірі - Ауған соғысы. Отан алдындағы міндетін адал атқарып, интернационалдық борышын өтеген кеңестік жауынгерлер - саяси күштерінің құрбаны болғаны ақиқат.Ауған соғысына 22 мыңнан аса қазақстандық жауынгерлер аттандырылып,қанды қырғынды басынан өткерді.Еліміз Тәуелсіздік алған кездерден бастап, Ауған соғысына қатысқандардың ерлігі лайықты бағаланды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен көптеген жауынгерлер марапатқа ие болды. Талай жауынгерлердің есімі аңызға айналды.
15 ақпан Ауған соғысының аяқталуына 32 жыл толуына орай мектеп тәлімгері Ж.А.Абдированың ұйымдастыруымен және сынып жетекшісі Г.Т. Жұманова 8- сынып оқушыларымен онлайн түрінде ZOOM форматында ауған соғысының ардагерлері Альмухаметов Талғат Баширович және Жақыпбаев Ғалымбек Қызырбекұлымен кездесу өткізілді. Іс шараға мектеп директоры Сатыбалдинова Зәуре Қазезқызы бүгінгі мерекемен құттықтап, өз тілегін білдірді. Сонымен қатар, іс шараға АӘД пәнінің мұғалімі А.Ж.Санжинов, "Мәңгілік ел" оқу- тәрбие кабинетінің жетекшісі Г.О.Қарымсақова, мектеп психологы Н.А.Жучок, оқу ісінің орынбасары А.Н.Копбосынова қатысты. 8- сынып оқушылары өз сауалдарына жауап алды.