1- сынып оқушыларын «Жас Қыран» мүшелігіне «Жалынды жас Қыран» атты қабылдау салтанатты жиын » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 3-15-40
Есепші бөлімі:
+7(72) 3-62-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1- сынып оқушыларын «Жас Қыран» мүшелігіне «Жалынды жас Қыран» атты қабылдау салтанатты жиын
30
ноябрь
2020

1- сынып оқушыларын «Жас Қыран» мүшелігіне «Жалынды жас Қыран» атты қабылдау салтанатты жиын

30 қараша күні оқушыларға Отанын, туған жерін, мектебін қадірлеуге, Табиғатты аялауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында  1- сынып оқушыларын «Жас Қыран» мүшелігіне  «Жалынды жас Қыран» атты қабылдау салтанатты жиын ZOOM платформасымен өткізілді. Жиын әнұранмен басталып, мектеп директоры З.Қ.Сатыбалдиноваға, аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Ж.Кумашеваға құттықтау сөз берілді. Ант беру рәсімін өткізу 1 «А» сынып оқушысы Болатов Бейбарысқа, 1 «Б» сынып оқушысы  Ғалымұлы Нұрмұхамедке, 1 «В» сынып оқушысы Берікқали Бексұлтанға, 1 «Г» сынып оқушысы Шаврина Константинге, 1 «Д» сынып оқушысы   берілді. 1 «А,Б,В,Г,Д» сынып оқушыларына  төсбелгілері мен мойынтақ тағу рәсімі ата-аналарға берілді. Ұланбасы Айнабеков Темірлан да  өз тілегін білдірді. 1- сынып оқушыларын «Жас Қыран" ұйымына қабылдай отырып: 1 «А» сыныбына «Әл-Фараби» аты, 1 «Б» сыныбына «Сапарғали Бегалин» аты, 1 «В» сыныбына «Жұбан Молдағалиев» аты 1 «Г» сыныбына «Камен Оразалин» аты, 1 «Д» сыныбына «Леонид Беда» аты берілді. «Жас Ұлан» әні орындалды. ҚР мемлекеттік әнұранымен жиын жабылды.

    11,12 желтоқсан күндері оқушыларға Отанын, туған жерін, мектебін қадірлеуге, Табиғатты аялауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында  5 - сынып оқушыларын «Жас Ұлан» мүшелігіне   «Ұланымыз Ұлы елдің» атты қабылдау салтанатты жиыны ZOOM платформасымен өткізілді. Жиын әнұранмен басталып, аудандық білім бөлімінің бастығы Жунусова Сәуле Орынбайқызының жолдаған құттықтау сөзімен басталып, мектеп директоры З.Қ.Сатыбалдиноваға, аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Ж.Кумашеваға құттықтау сөз берілді. Ант беру рәсімін өткізу 5 «А» сынып оқушысы Бауыржан Құндызға, 5 «Б» сынып оқушысы  ҒАқат Ақылжанға, 5 «В» сынып оқушысы Рүстембек Әз-Жәнібекке, 5 «Г» сынып оқушысы Калинин Кирилге   берілді. 5 «А,Б,В,Г» сынып оқушыларына  төсбелгілері мен мойынтақ тағу рәсімі ата-аналарға берілді. Ұланбасы Айнабеков Темірлан да  өз тілегін білдірді. Ата-аналар атынан Мирзакупова Нүргүл Жұманқызына, Садырова Гүлданай Санатқызына, Герасименко Александра Владимировнаға да құттықтау сөз беріліп, «Жас Ұлан» белсенділерінің атынан мерекелік әдеби-монтаж айтылды. «Жас Ұлан» әні орындалды. ҚР мемлекеттік әнұранымен жиын жабылды.