Конкурс жарияланады » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 3-15-40
Есепші бөлімі:
+7(72) 3-62-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
август
2023

Конкурс жарияланады

Конкурс жарияланады


"КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ"


Кітапханашы – 1 бірлік, тұрақты


Айлық жалақы мөлшері: 130 000 тг -ден 132 000 тг дейін


Конкурсты өткізу мерзімі: Хабарландыру жарияланғаннан кейін 7 жұмыс күні өткен соң белгілейді.


Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.08.2023 ж – 25.08.2023ж


Конкурс өткізілетін орын: "Бауыржан Момышұлы   атындағы орта мектебі" коммуналды мемлекеттік мекемесі.


Мекеменің мекен -жайы:Абай облысы. Үржарауданы. Үржарауылы. Панкратова 14;. 1 қабат, қабылдау бөлмесі; тел:3-14-97.


Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары білім; Қазақ, орыс тілдерін жоғары денгейде білу. Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;


Лауазымдық міндеті:

1.           Жалпы ережелер

1.1         Кітапханашыны (кітапхана меңгерушісін) мектеп директоры жұмысқа қабылдап, жұмыстан босатады. 

1.2         Кітапханашы қызметіне жалпы орта арнаулы білімі бар және еңбек өтілі талаптарынсыз немесе, курстық даярлықтан өткен, кітапханашылық қызметте 3 жылдан артық қызмет көрсеткен  тұлға тағайындалады.

1.3         Кітапханашы  тікелей оқу – тәрбие жөніндегі директордың орынбасарынабағынышты.

1.4         Өзінің лауазымдық міндеттерін өтеуде кітапханашы Қазақстан Республикасының мәдениет, білім беру, кітапхана ісі туралы Заңдарын, мәдениеттің дамуын анықтайтын Қазақстан Республикасы үкметінің қаулылырын, сілтеме жасайтын жоғарғы басшылық органдарының кітапхана ісі мәселесі бойынша құжаттарын; кітапханадағы еңбекті ұйымдастыру ережелері, есеп, түгендеуді жүргізуді;   техника қауіпсіздігі, өндірістік тазалық пен  өрт қуіпсіздігі, сондай-ақ осы нұқаудағы мектептің ішкі еңбек тәртібін басшылыққа алады.

2.           Қызметтері 

Кітапханашының   негізгі қызметтік міндеті төмендегідей:

2.1         Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ақпаратпен қамтамасыз ету;

2.2         Мәдени шара ретінде кітап оқуды насихаттау.

3.           Лауазымдық міндеттері

Кітапханашының   міндеттері төмендегідей:

3.1         Кітапхана қорын жүйелі түрде сақтау мен өңдеу, қалыптастыру тәрізді мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастыру;

3.2         Каталогтар құрастырып, картотека, көрсеткіштер, әдебиеттердің тақырыптық және шолу түріндегі тізімін құрастыру;

3.3         Мектеп қызметкерлері мен оқушыларына оқырман залы мен абонементте қызмет көрсетіп осымен байланысты ақпарат беру ісін ұйымдастырып, жүргізеді (көрмелер, кітапты насихаттаудағы сөрелер мен басқа шараларды ұйымдстырады); оқырмандардың тапсырысы бойынша әдебиеттерді таңдауға көмектеседі;

3.4         Кітапхана ісінің есебін жүргізіп, бекітілген мерзімде тапсырады;

3.5         Кітап қорын қабылдап оны жауапкершілікпен сақтап, акт бойынша құжаттарға сәйкес есеп жүргізеді, кітап қорын түгендеуге қатысады, бекітілген ережемен ескірген әдебиеттерді есептен шығарады;

3.6         Оқырманның кінәсінен кітап саны жетіспесе, жоғалса немесе бүлінсе, жалпы кітапхана қорына келтірілген залалға бекітілген тәртіп бойынша шара қолдануға;

3.7         Басқа кітапханалармен байланыста болып, кітапханааралық тәжірибе алмасуды ұйымдастырады;

3.8         Мерзімдік басылымдарға мектептің жазылып, оны алуын бақылайды;

3.9         Кітапхананы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде шаралар қолдануға;

3.10       Оқырман конференциясы, әдеби кештер т.б. мәдени шараларды ұйымдастырады;

3.11       Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігін сақтап, кітапхана қоры мен  бөлмесінің тазалығын сақтауға міндетті.

4.           Құқығы

Кітапханашы төмендегілерге құқылы:

4.1         Кітапхана қорын пайдалануға қатысты мәселелер мен   ережелерді сақтауда мектеп жұмысшылары мен оқушылардың жрлықты орындауы үшін міндеттер жүктеуге; 

4.2         Кітапхана бөлмесін ағымдық жөндеуден өткізуші мен тазартушының жұмысна басшылық жасап қадағалауға;

4.3         Мектептің педагогикалық кеңесінің отырыстарында өз дауыс беру құқығымен қатыса алады.

5.           Жауапкершілігі

5.1         Кітапханашы мектептің ішкі еңбек тәртібі ережесін, мектеп әкімшілігінің бұйрықтары мен жарғыларын, жергілікті құқықтық актілерді, осы нұсқаудағы лауазымдық міндеттерін, себепсіз бұзса, белгілі еңбек заңымен қатаң тәртіптегі жауапқа тартылады.

5.2         Кітапханашы өзінің лауазымдық қызметтерін орындауда мектепке немесе білім беру үрдісіне қатысушыларға тигізген залалы үшін бекітілген еңбек және азаматтық заңдармен жауапқа тартылады. 

6.           Лауазымы бойынша қарым-қатынас

Кітапханашы:

6.1         Мектеп директоры бекітіп, ӘШБ жөніндегі орынбасары көрсеткен кесте бойынша нормаланған жұмыс күнімен жұмыс аптасындағы 40 сағат бойы жұмыс істейді. 

6.2         Мектеп директоры мен оның орынбасарларынан нормативті-құқықтық, ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ақпаратты алып, құжаттармен танысуда байланыс жасайды.

6.3         Өз әрекетінде мұғалімдер, оқушылардың ата-аналары (оның орнын басушы тұлғалармен), оның құзырындағы мәселелермен мектеп жұмысшылары және әкімшілікпен жүйелі түрде ақпарат алмастырып отырады.



Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген);

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

2) кадрлар есепке алу бойынша жеке іс парағы;

3) фото 3х4;

4) білім тұралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;


6) "Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);

10) түйіндеме;

11) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).

12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

Электрондық үкімет egov.kz веб-порталы арқылы:


                                                                               

Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн өткен соң, тоқтатылады.


Мектеп директоры: Акласова Ж.С