Конкурс жарияланады
Әлеуметтік педагог– 1 бірлік, уақытша
Айлық жалақы мөлшері: 155734 тг -ден 185376 тг дейін
Конкурсты өткізу мерзімі: Хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күні өткен соң белгілейді.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі:8.01.2024 ж – 12.01.2024ж
Конкурс өткізілетін орын: "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" коммуналды мемлекеттік мекемесі.
Мекеменің мекен -жайы: Абай облысы. Үржар ауданы. Үржар ауылы. Панкратова 14;. 1 қабат, қабылдау бөлмесі; тел:3-14-97.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары білім (педагогикалық);
Қазақ, орыс тілдерін жоғары денгейде білу
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Лауазымдық міндеті:
Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы12-параграф. Білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогі 84. тармақ негізінде:
жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;
әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;
білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;
жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;
әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;
педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
85. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология, физиология, гигиена;
тәрбие жұмысының әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;
педагогикалық этиканың нормалары;
балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар: 86.
жоғары педагогикалық білімі немесе "Әлеуметтік педагог" бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл және педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.
87. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
озық тәжірибені үйрену, оны тәжірибеде қолдану;
оқу-тәрбие жұмысын талдау дағдысының болуы;
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
тәрбие жұмысын талдау әдістерін қолдану;
шығармашылық семинарларға жетекшілік ету;
озық тәжірибені енгізу;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;
жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;
оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;
әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;
4) "педагог-шебер":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;
жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;
оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;
әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген);
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
2) кадрлар есепке алу бойынша жеке іс парағы мен Т2 жеке іс парағы;
3) фото 3х4;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);
10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме;
12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).
13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
Электрондық үкімет egov.kz веб-порталы арқылы:
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн өткен соң, тоқтатылады.
Мектеп директоры: Акласова Ж.С