"Б. Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-нің кәсіптік бағдар беруші лауазымы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 3-15-40
Есепші бөлімі:
+7(72) 3-62-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Б. Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-нің кәсіптік бағдар беруші лауазымы
14
сентябрь
2023

"Б. Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-нің кәсіптік бағдар беруші лауазымы

"Б. Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сіне кәсіптік бағдар беруші лауазымына конкурс жариялайды
Функционалдық міндеттері:
  •    мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады, кәсіптік бағдарлау жұмысына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
  •      оқушылардың кәсібін саналы түрде таңдауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;
  •      білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға Мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда көмек көрсетеді;
  •      қызығушылықтарын анықтау бойынша диагностика жүргізеді, кәсіби бағдарлы диагностиканы талдайды;
  •     ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;
  •      кәсіпорындарда экскурсиялар өткізеді, әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен оқушылар үшін кездесулер (әңгімелесулер) ұйымдастырады;
  •      кәсіби құзыреттілікті арттырады, заманауи әдістер мен технологияларды қолданады;
  •      белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
  •      балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
  •      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
 Білуге тиіс:
  •  Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
  •      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика, педагогикалық психология;
  •       психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;
  •       компьютерлік сауаттылық, оқу процесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  •       педагогикалық этика нормалары;
  •       еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды: 
1)     осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)     жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 
3)    кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 
4)    Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)     еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 
6)  "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 
7)     психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 
8)     наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)     сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 

Конкурстың өткізілетін уақыты: 21 қыркүйек күні, сағат 10-00-де.
Мекен-жайы: Абай облысы, Үржар ауданы,  Үржар ауылы,  Панкратова көшесі 14.
Байланыс телефоны:  3-14-97;
-          электронды почта sh_momyshuly@mail.kz