Мектеп ауласында «Наурыз Думан» атты мерекелік іс-шара
20 наурыз күні 9 «А» сыныбы жетекшісі Мұхамеджанова Ш. Қ., 9 «Б» сыныбы, жетекшісі Билалова Г. С., 9 «В» сыныбы, жетекшісі Позднякова Л. А. ұйымдастыруымен мектепке кіре беріс фойеде келген ата-аналарға,қонақтарға, ұстаздарға, оқушыларға «Наурыз көже» таратылып, дастархан жайылды.11 «А» сынып жетекшісі Байболова Р. Н., 11 «Б» сынып жетекшісі Койркубенова Ш. А., 11 «В» сынып жетекшісі Маар Н. Я. ұйымдастыруымен, ата-аналар асханаға мерекелік дастархан жайды.
21 наурыз күні мектептің ауласында «Наурыз Думан» атты мерекелік үлкен іс-шара өтті. 5, 6, 8 сынып жетекшілері ата-аналарымен қосылып наурыз көже пісіріліп, мерекелік дастарханға келген қоңақтарды шақырып, той думан жасады.
Сахнамызда бүлдіршіндердің әдебимонтажынан
кейін, Наурыз-қызды, Күнді, Қыдыр
Атамызды шақырып, сахналық қойылым көрсетілді. Жүргізушілер, мектебіміздің
ұстаздары Альмисаев Елнар мен Уалихан Мөлдір көпшіліктің көңілінен шығуға
тарысып, жайдарлы өткізді. Наурыз туралы
мерекелік әндер шырқалып, ұлттық «Жез киік», «Қазақстан, Алға!», қазақ, орыс
билері қойылды. Ұлттық ойындар: арқан тартыс, білектесу, теңге алу ойналды.