04
январь
2022
МО жиналыс
Восточно-Казахстанская область білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-де 2021-2022 оқу жылының қысқы демалыс кезіндегі жүргізілетін алдын ала жасалып, бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде
мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, озық педагогикалық тәжірбиені жинақтау, тарату, жас мамандарға әдістемелік қолдау жасау мақсатында каникул кезіндегі бірінші жұмыс күні мектебіміздегі ӘБ-дің «Инклюзивтік білім беру- заман қажеттілігі. Инклюзивтік білім берудегі АКТ-ні қолдану тиімділігі» тақырыбындағы отырыстарымен басталды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қолдану: біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Түрлі әлеуметтік кедергіге қарсы тұра алатын тұлғаны қалыптастыруда АКТ – ның барлық мүмкіндігін пайдаланамыз. Өйткені өткізілетін әрбір сабақты балалар өз күштеріне сенімділігін сезінетіндей етіп, олардың оқуға деген ықыластарын оятып, қызықтыратындай етіп ұйымдастыру керек. Каникул кезіндегі жоспар бойынша ұйымдастырылатын барлық әдістемелік жұмыстар осы тақырып төңірегінде болмақ.







