Өзін – өзі тану рухани - адамгершілік білім берудің негізі. » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Приемная
+7(72) 3-15-40
Бухгалтерия
+7(72) 3-62-02
Версия для
слабовидящих
» » Өзін – өзі тану рухани - адамгершілік білім берудің негізі.
12
октябрь
2018

Өзін – өзі тану рухани - адамгершілік білім берудің негізі.

Өзін – өзі тану рухани - адамгершілік білім берудің негізі.

Адам бойындағы рухани құндылықтарды дамыту жолында өзін-өзі тану пәнінің ықпалы өте зор. «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл – қызымызға көзбе - көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!» деп С. А. Назарбаева атап кеткендей «Бауыржан МомышұлыСредняя школа имени»КММ сінің қабырғасында осы тұрғыда орасан жұмыстар жүргізіліп жатыр десек артық айтқандық емес.Бұл бағыттың негізгі міндеті – оқушының бойында жалпы адамгершілік қағидаларын сақтауға тырысуын қалыптастыру, адамдыққа, ізгілікке жат нәрселерге белсенді рухани қарсылық көрсету қасиетіне тәрбиелеу.
Өзін - өзі тану, білім мағынасының құндылығын күшейте отырып, жеке тұлғаның риясыз сүю, өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін - өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашады және дамытады.
«Өзін - өзі тану» пәнін жүргізу барысында ұстаздарымыз өзіндік бақылау әдістерін қолданды. Мысалы, 1 «Б» сыныбында «өзін-өзін тану» сабағында «Өзін - өзі тану» сабақтары оқушылардың білімдерін, дағдыларын, құндылықтар жүйесін дамытуда өте тиімді. Сыныптарда парталар топпен жұмыс жасау ыңғайлы болатындай етіп қойылады.

Ең алғашқы сабағымызды шаттық шеңбер құру арқылы бастадық. Оқушылар бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірімен танысып, жылу лебіздерін білдіру арқылы «Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз» атты тақырыпта сабақ өткізілді. Шаттық шеңбер арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығын оятым. Бір- біріне деген сыйласымдық қасиеттері жоғары көрсетілді.
Осы орайда Д. Дьюи философиясының идеясын айтар болсақ, яғни өмірлік тәжірибеге негізделген өз білімін оқушының да, оқытушының да пайдалана білуі жүзеге асырылады. Сондықтан жаңа үрдісті тәжірибеге енгізуде мұғалімдердің сыртқы форманы ғана басшылыққа алмай, оның философиясын ұғыну маңызды шарт. Өйткені оқытудағы басты мақсат – алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай қолдана білуге үйрету екеніне баса назар аударғымыз келеді.

 

 

 


ШҚО Үржар ауданы, Үржар ауылы. Бауыржан Момышұлы атындағы Андасова Айдана Оразхановна бастауыш сынып мұғалімі.