"Жас қыран"
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай 1- сынып оқушыларын «Жас Қыран» ұйымы мүшелігіне қабылдау салтанатты жиыны.
Оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастырып, қайратты, білімді болуға,адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіріп өсуге дағдыландыру
Салтанатты жиын әр топтың қыранбасылары мектеп Ұланбасы баянат береді. Мектеп Туы мен «Жас Ұлан» ұйымының туы енгізіліп, Мемлекеттік әнұран орындалады. Ортаға «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының қатарына кіру үшін салтанатты түрде ант тапсыруға 1 В сынып оқушысы Еженханова Гүлім мен пен 1 «Г» сынып оқушысы Ким Никита шақырылды. Төсбелгі мен мойынтақ тағу құрметі мектептің үздік оқушыларына, шақырылған қонақтар мен мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілеріне, «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелеріне ұсынылды.
«Жас Ұлан» ұйымының қатарына өткен жасөспірімдерді құттықтау үшін сөз кезегі құрметті қонақтарға берілді. Мерекелік рәсімге «Жас қыран» ұйымының 4 «А», 4 «Б», 4 «В», 4 «Г», 4 «Д» сынып топтары салтанатты жиынға арналған саптық шеруде өнерлерін көрсетіп, үздік саптық шеру жасағаны үшін 4 «В»- сынып оқушылары – « Мұстафа Шоқай» атындағы топ І орынмен марапатталды.