Қамқоршылық хаттамасынан көшірме » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 3-15-40
Есепші бөлімі:
+7(72) 3-62-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
сентябрь
2018

Қамқоршылық хаттамасынан көшірме

«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ-сінің

Қамқоршылық кеңес отырысының 

хаттама №3 көшірмесі

3.09.2018 жыл

                                                                                               Қатысқаны: 9

Күн тәртібінде:

<!-1.    Білім беру мекемелерінің жаңартылған білім мазмұнына көшуге сәйкес  оқу процесіне енгізілетін ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық –эпидемиялық талаптарына сәйкес,  оқу жүктемесінің нормасына байланысты өзгерістерді  енгізуді қайта қарастыру.

 

2. 2. Жаратылыстану-математикалық циклдің бірқатар пәндерін ағылшын тілінде оқытуға көшу мәселесін талқылау.

.  3. Мектепте бағалау жүйесін толығымен  «Kүнделік» электронды журналына көшу туралы мәселені  қарастыру; 

 

Шешім:

1.Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар комитетімен келісе отырып, мектеп мүмкіншілігіне сәйкес:

        1) Әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес 2018-2019 оқу жылында 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8- сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша, алТИПО сәйкес  4, 9, 10-11-сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламаларымен білім алсын;

        2) 1-2 сынып толықтай бес күндік оқу аптасына көшірілсін;

        3) 3-4 сынып, 5-11 сынып толығымен 6 күнге оқу жүктемесіне сәйкес сабақ ұзақтығы 40 минуттан сабақ кестесі /І ауысым -8.00, ал ІІ ауысым -14.00 /енгізілсін;

        4) жеке пәндерді оқытуда оқушы саны 20 толмағандықтан, 3 «Г» «Д» 7 «Б» «Г» 10 «Б»  сыныптары  топқа бөлінбей оқытылсын;

        5) мектепте кабинет жетіспегендіктен, 2,3 сыныпта ағылшын тілі пәні топқа бөлмей оқытылсын;

        6) 6 «А» «Б» орыстілінен, 6 «В» «Г» қазақ тілінен, 8 «Б» қазақ әдебиетінен, 9 «В» қазақ тілінен, 10 «А» ағылшын тілінен тереңдетіліп оқытылсын;

         7) мектеп оқушылары  мектеп формасына  (ақ және қою көк түстер сақталсын)  сәйкес киінсін;

 2.Жаратылыстану-математикалық циклдің бірқатар пәндерін ағылшын тілінде оқытуға көшу жұмысы жүргізілсін;

            1) 8 «А» сыныбында биология пәнін (В-1) деңгейлі мұғалім Жапаров Д.С. жүргізсін;

2) 8 «А» сыныбында физика пәнін (С-1) деңгейлі мұғалім Рашидов Р.Р жүргізсін;

3.Мектеп «Kүнделік» электронды журнал форматына көшірілсін; 

             1) 1-11 сынып  журналдары толықтай «Kүнделік» электронды журнал                жүйесіне көшірілсін; 

             2)Даярлық сыныптары  қағаз сынып журналын қолдансын;

 

Шешім барлық қамқоршылық кеңес мүшелерінің қолы арқылы бекітілді:

1.Ата-аналар комитетінің төрайымы- Мурзакупова Н.Ж.

2. Ауыл округі әкімінің орынбасары-Щуцкий В.В.

3. Аудандық  ІІБ инспекторы –Дуйсебаев А.А.

4. Мектеп ата-анасы –Досанова Э.А.

5. Мектеп ата-анасы – Костюченко Е.Г.

6. Демеуші – Есенаманов Ә.Б.

7. Демеуші – Омарова Р.

8.Жұмыс беруші мен әлеуметтік серіктестердің жетекшісі –Чурсинова Ю.Ф.

9.Ата-ана, кеңес мүшесі, жұмыс беруші –Алипов Г.Д.

 

 

Мектеп директоры:                                           Сатыбалдинова З.К.

 

Қамқоршылық кеңес төрайымы:                           Мурзакупова Н.Ж.               

Хатшы:                                                           Досанова Э.А.