"Жас маман - жаңа идея " » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 3-15-40
Есепші бөлімі:
+7(72) 3-62-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
май
2024

"Жас маман - жаңа идея "

Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі"КММ-де "Жас маман - жаңа идея " тақырыбында "Шабыт" жас мамандар мектебінің қорытынды отырысы интеллектуалды шоу форматында өткізілді..
Жетекші мектеп ретіндегі іс- тәжірибе бөлісу мақсатында бұл шараға серіктес мектептерден тәлімгерлер мен жас мамандар қатысты.
Жоба жағымды психологиялық ахуалға құрылған " Трендтегі "Қолшатыр" әдісімен басталды. Жас мамандардың шығармашылық, интеллектуалдық қабілетін айқындайтын "Qazguiz" интеллектуалды ойыны жоғары деңгейде ұйымдастырылды .Іс- шара барысында " Жасанды интеллект", "Қызық таймс" цифрлы ресурстары қолданылды. Кері байланыс "Дилтс пирамидасы" ,QR" код арқылы жасалынды.
Жылдың қорытындысы ретінде жас мамандармен нәтижелі жұмыс жасағаны үшін тәлімгерлерге "Алғыс хат" табысталып, ал жас мамандар тәлімгерлеріне, оқу ісі меңгерушісі А.М.Арипхановаға, Жас мамандар мектебі жетекшісі Н.З.Исмагиловаға, "Тәлімгерлер" ӘБ жетекшісі Қ.М.Шалгимбаеваға жүрекжарды тілектерін арнады.
Іс шара "Жасанды интеллект" арқылы жасалған тамаша әнімен аяқталды.