10
февраль
2024
"Білім ring" атты зияткерлік ойын
9.02.24 күні Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-де ұстаздардың біліктілігін, білімдерін, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында мектебіміздің әдістемелік оқу ісінің меңгерушісі А.М.Арипханова, тәлімгерлер тобының жетекшісі К.М.Шалгимбаева, жас мамандар тобының жетекшісі Н.З.Исмагилованың ұйымдастыруымен "Білім ring" атты зияткерлік ойын өткізілді. Ойын барысында ұстаздарымыз "Арқан тартыс", "Көкпар", "Топтық жұмыс", "Ақсүйек ойыны", "Айтыс", деген кезеңдерде өз білімдерін көрсете білді. Соңында әрбір жас маман мен тәлімгер мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды. Ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз!
