Математика, информатика және физика апталығы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 3-15-40
Есепші бөлімі:
+7(72) 3-62-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
ноябрь
2021

Математика, информатика және физика апталығы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-де 22.11-27.11. аралығында математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру мақсатында " Миф-әлемді білгің келсе бізден баста.." тақырыбында ӘБ жетекшісі Л С Батырбекова мен оқу ісінің орынбасары А.М.Арипханованың ұйымдастыруымен апталық өткізілді. 6"А"- сыныбымен Н.Д.Сапаева " 3D- конус, цилиндр және сфера құру" тақырыбында "SMS-хабарлама" , жаңа тақырыпты оқушылардың меңгеру деңгейін Google Формада тест алу арқылы, "Ойды аяқта" әдісін; 11"Б"- сынып оқушыларымен Л Н.Батырханова "Рационал көрсеткішті дәреже" тақырыбында, 5"Б"- сынып оқушыларымен Д.Н Сагитов " Аралас сандарды қосып, азайту"; 8"В"- сынып оқушыларымен Л М Батырбекова "Жылу қозғалғыштарының пайдалы әрекет коэффиценті" тақырыбында; 5"Г"- сынып А.Б.Балажанова "Сложение и вычитание смешанных чисел" тақырыбында, 7"Б"- сынып оқушыларымен А.О.Өлеңбаев " Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуы" тақырыбында; 9"В"- сынып оқушыларымен А.Н. Копбосынова "Арифметическая прогрессия" тақырыбында; 11"В"- сынып оқушыларымен А.О Копбасынова "Степенная функция и её своиства" тақырыбында; 5"А"- сынып оқушыларымен С Әбілбашарқызы "Аралас сандарды қосу, азайту" тақырыбында; 5"А"- сынып оқушыларымен Ш.М.Карипжанова "Векторлық суреттерді құру" тақырыбында; 6"Г"- сынып оқушыларымен Г.Т Мукашева "3D- модели объектов" тақырыбында "Фила","Попс","Leaningapss","Bilimland" әдістері қолданылды.