"Эколог" ӘБ (биология, география, химия) пән апталығы өткізілді » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 3-15-40
Есепші бөлімі:
+7(72) 3-62-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ноябрь
2021

"Эколог" ӘБ (биология, география, химия) пән апталығы өткізілді

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-де 15.11-20.11 аралығында "Эколог" ӘБ (биология, география, химия) пән апталығы өткізілді.  Жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушы қызметін белсендіру негізінде педагогикалық технологиялар арқылы тұлғалық жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту мақсатында оқу ісінің орынбасары А.М.Арипханова мен ӘБ жетекшісі Ж.Д.Габдуллинаның ұйымдастыруымен 5"Г"- сынып оқушыларымен Н.Я.Маар "Свойства вещества" тақырыбында өткізілген сабағында"6W" әдісін; 11"В"- сынып оқушыларымен И.А.Логиноова "Ростовое вещества" тақырыбында "Джигсо" тәсілі арқылы тақырыбын аша отырып, 2 оқушысы зерттеген жұмыстарымен бөлісті. 8"А"- сынып оқушыларымен Ж.Д.Габдуллина "Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер" тақырыбында "АӘБВ" әдісін ұтымды пайдаланса, 8"В"- сынып оқушыларымен Н.С.Тұмарбаева " Иммунитет" тақырыбында  қонақ ретінде мектеп медбикесін шақырып, "Өрмекші торы" әдісін тиімді қолданды. 7"А"- сынып оқушыларымен Қ.О.Игембай "Қарлы кесек" ойынын тиімді қолдана білсе; 10"А"- сынып оқушыларымен А.Т.Бидашева "Аденозин үш фосфаттың құрылысы мен қызметі" тақырыбында "смс" әдісімен үй тапсырмасын тексеріп, "Bilimleand" платформасымен тест орындатты. 7"Г,Д"- сынып оқушыларымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай З.К.Сатыбалдинова "Моя Родина- мой Независимый Казахстан" тақырыбында үш тілде сыныптан тыс  сайыс сабағын өткізсе, 11"Б"- сынып оқушыларымен Д.С.Жапаров "Температураның, көмірқышқыл газының глюкозаның деңгейлерінің реттелуі" тақырыбында , 8"В"- сынып оқушыларымен Ж.С.Сапаров  "Климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері" тақырыбында топтық жұмысты жақсы ұйымдастыра білді. Жоспарлы түрде, санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілген апталық жеке тұлға қалыптастыруда өз септігін тигізді деп айта аламыз.