"Менің тұңғыш президентім" тақырыбында сайыс өткізілді. » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 3-15-40
Есепші бөлімі:
+7(72) 3-62-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Менің тұңғыш президентім" тақырыбында сайыс өткізілді.
29
ноябрь
2021

"Менің тұңғыш президентім" тақырыбында сайыс өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ - де қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып, білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуы мен  1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай санитарлық талаптарды сақтай отырып,  "Мәңгілік ел" оқу- тәрбие орталығының жетекшісі Карымсакова Гүлнар Ожыкенқызының ұйымдастыруымен  4-"А,Б,В,Г,Д"- сынып оқушылары арасында "Менің тұңғыш президентім" тақырыбында сайыс өткізілді.  Іс-шара жан - жақты қамтылды, слайд, бейнеролик көрсетілді, постер қорғау, қаттамалар қорғалып, үш тілде мәнерлеп өлең оқылды, картамен жұмыс жүргізілді.
Қорытынды бойынша 1 орын 4"Д" сынып жетекшісі ( Л Г.Золоторева), 2 орын 4"А"- сынып (Р.Т Қасенова), 3- орын 4"Г"- сынып (С.В.Вавилова) мақтау қағазымен марапатталып, тәттілермен сыйлық алды.
   Тәуелсіздікті елге сыйлады,
   бейбітшілікті қалады.
   Орындалып арманы,
Халқымыз да ажарлы.
Осының бәрі, әрине
Елбасының арқасы.