26
октябрь
2018
Мақаншы ауылындағы Әсет Найманбаев мұражайында "Тарихыңды танып біл" атты танымдық сабақ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бауыржан Момышұлы орта мектебі» КММ-нің 7 «А» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Шалғымбаева Құралай Махмұтжанқызымен Мақаншы ауылындағы Әсет Найманбаев мұражайына барды. Мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығын тану, туған жердің тарихын білу. Мұражайдан оқушылар ақын туралы толық мағлұмат алып қайтты.