12
февраль
2018
«Өзін- өзі» тану пәнінің авторы Сара Алпысқызы Назарбаева 77 жасқа толды
«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ-сінде 12 ақпан күні
«Өзін- өзі» тану пәнінің авторы
Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған «Мейірімге толы жүрек»
тақырыбында сыныптарда ашык тәрбие сағаттары өтті.
Сынып сағаттарында оқушыларға бұл күннің
біз үшін ерекше екендігі айтылып, Сара Алпысқызының өміріне тоқталып,жаңа
мәліметтер берілді. Сынып жетекшілер такырыпты ашып, сабақтарының мақсатына
жету үшін интернет-ресурстар арқылы
әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді. Сабақтарда тақырыпқа байланысты
көрнекілік –құралдар өте көп болды. Оқушылардың санасына мейірімділік,
қайырымдылық ұғымдарын
қалыптастырып,баланың мейірімді сөздер айту қабілеттерін арттырып,өзара
түсіністік пен сыйластықты сақтау қағидасын түсіндіру «Өзін-өзі тану: Махаббат
пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі он күндігіміздегі өткізілген
іс-шараларымыздың негізгі мақсаты болып танылады. Ал Сара Алпысқызының туған
күніне орай ұйымдастырылған мәні зор ашық сабақтар осы онкүндіктің қорытындысы.