"Ұстаз" номинациясы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Приемная
+7(72) 3-15-40
Бухгалтерия
+7(72) 3-62-02
Версия для
слабовидящих
17
октябрь
2022

"Ұстаз" номинациясы

Мұғалімнің жетістікке жетуі - төккен тердің өтеуі. Тынбай ізденіп, жаңашылдыққа ұмтылғанда ғана ұстаз мәртебесі өсе бермек. Ұжымымызда өзіне үлкен талап қоя білетін, заман ағымына лайық еңбек етіп жүрген ұстаздар баршылық. Жас  болса да  бақ сынап, байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келе жатқан физика пәнінің мұғалімі Рашидов Руслан Рашидұлын тағы бір жеңісімен құттықтаймыз. Әріптесіміз ҚР Педагогтар Қоғамының ұйымдастыруымен өткен "Ұстаз педагог - 2022" республикалық байқауға қатысып, төрт мыңнан аса педагогтартардың арасынан үздік шығып, алғашқы отыздыққа ілігіп, топ жарып, "Ұстаз" номинациясымен және  "Ұстаз" орденімен марапатталды. Міне, жетістік! 
Руслан Рашидұлы, сізді зор жеңісіңізбен ұжым атынан шын жүректен құттықтаймын.Еңбегіңіз елене берсін. Зерделі де алғыр шәкірттер тәрбиелеуде сізге зор қажыр-қайрат тілейміз! Құтты болсын!