"Дені саудың - жаны сау"
Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі КММ-нің оқушылары "Дені саудың - жаны сау"-дегендей, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын "Денсаулық күні" тақырыбында аудан көлемінде өткізілген мерекесіне қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, Коробчану Людмила 1- орын, Золотарёва Надежда 2- орын, Маратұлы Жанболат 2 - орын, Селиханов Әділет 2- орын иеленді. Жеңімпаздар аудан әкімінің грамотасымен марапатталды.