"Бақыт гүлін терген күн" атты облыс көлеміндегі ашық тәрбие сағаты » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Приемная
+7(72) 3-15-40
Бухгалтерия
+7(72) 3-62-02
Версия для
слабовидящих
» » "Бақыт гүлін терген күн" атты облыс көлеміндегі ашық тәрбие сағаты
06
май
2021

"Бақыт гүлін терген күн" атты облыс көлеміндегі ашық тәрбие сағаты

"Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды" - деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, тыл ардагерлерінің еңбегі мен ерлігін ұрпақтан -ұрпаққа үлгі етуге және өз халқының тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында 9 мамыр- Жеңіс күні мерекесіне орай Қ.М.Шалгимбаеваның ұйымдастыруымен 9"А"- сынып оқушылары   арасында "Бақыт гүлін терген күн" атты облыс көлемінде ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына тыл ардагері Садық Оспанұлы қатысып, соғыс кезіндегі балалық шағынан естеліктер айтты. Оқушылар қазақстандықтардың, соның ішінде тыл ардагерлерінің қосқан үлесі туралы айтып өтті. Мектеп директоры Сатыбалдинова Зәуре Қазезқызы 9 мамыр- Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, өз алғысын айтты. Ашық тәрбие сағатының құрылымы оқушы жас ерекшелігіне сай құрылған, қойған өз мақсатына жетті. Аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары да қатысып, оң пікірлерін білдірді.