"Тұлғасы тұнған тәлім, Есімі елге мәлім"
23 желтоқсан күні Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-де мектебіміз есімін мақтанышпен иеленіп отырған ұлт мақтанышы, халық қаһарманы, қазақтың даңқты, біртуар батыр ұлы Бауыржан Момышұлының туған күніне орай "Тұлғасы тұнған тәлім, Есімі елге мәлім" тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жиында Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерінен 6"А"- кадет сыныбының әдеби- монтажы тыңдалып, 6,7,8- кадет сыныптарының саптық шеруі