31
май
2022
Жазғы мектеп
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сінде 26 мамыр- 17 маусым аралығында білім сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарын толтыру мақсатында ата-анасының өтініші бойынша оқуға ниет білдірген барлық оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда 73 оқушы осы мүмкіндікті пайдаланып, білімдерін шыңдап жатыр.












