06
декабрь
2021
12 мен 18 жас аралығындағы балаларды вакцинациялау бойынша түсіндірме жұмыстары
Бүгін, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-де короновирустық инфекцияның алдын алу, сақтық шаралары және 12 мен 18 жас аралығындағы балаларды вакцинациялау бойынша Үржар аудан әкімінің орынбасары Б.Қ.Тұрлыбеков, Үржар ауданының білім бөлімінің бастығы С.О.Жүнісова, Үржар аудандық аурухана бастығының орынбасары С.Н.Енсебаев, СЭС бастығы Шокобалинова келіп ата- аналармен, мұғалімдермен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында ата-аналардың ой- пікірлері тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.







