Мектеп тарихы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Б.Момышулы "
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-сі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 3-15-40
Есепші бөлімі:
+7(72) 3-62-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2017

Мектеп тарихы

Қазіргі мектеп –ұдайы даму үстінде болатын мектеп, себебі әрбір елдің болашағы мектебінде шыңдалады. «Бір елдің болашағын көргің келсе, сол елдің жастарына қара» - деп ғұламалар айтқандай, еліміздің негізгі тірегі- білімді, білікті жастар. Жас ұрпақтың бойындағы табиғат берген қабілеттілікті тани білу,  жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. Осы орайда ынтымағы жарасқан, нәтижеге бағытталған білім беру ісінде табысты жұмыс жасап келе жатқан «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ-і Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында орналасқан. 1961 жылы Сегізжылдық мектеп болып ашылған. Бала санының артуына байланысты, мектеп қажеттігіне орай,1974 жылы М.Горький атындағы орта мектеп болды. 2002 жылы Мемлекеттік мекеме статусын алып, мектеп типі – жалпы білм беретін болып өзгертілді. Жалпы білім беретін кластармен қатар, іс тігу мен трактор және ауыл шаруашалық құралдары технологиясын үйрететін кластары  да болды. 1975 жылы алғаш рет мектеп түлектері орта білім туралы аттестат алып, содан бері осы білім ордасын 3000ға жуық шәкірт бітіріп,олардың әрқайсысы өз елін, жерін көркейтуге еңбек етуде. 

Мектеп атауы 2004 жылдың 30 тамызындағы  Үржар аудандық әкімдігінің №72-қаулысымен «Бауыржан Момышұлы атындағы беру орта мектебі» коммунальдық мекемесі болып өзгерді. Мектепті басқару тарихына көз жіберсек:

1961-1965 жылдары - Матуцина Н.Ф.

1965-1970 жылдары - Надворная Т.М.

1970-1973 жылдары - Голубчина Л.С.

1973-1975 жылдары - Борцов Н.Г.

1975-1978 жылдары - Музыченко Д. Ф.

1978-2007 жылдары - Кутовой А.Р.

2007-2022 жылдары - Сатыбалдинова З.К.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап мектеп директоры Акласова Ж.С.

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп ұжымы білім сапасы бойынша ауданда  алдыңғы орыннан көрінеді.

Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы – білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес. Педагогикалық ұжым сапалы білім берудің үздіксіздігін қалыптастырып, оны одан әрі жақсарту тұрғысында көптеген игілікті істердің ұйытқысы болуда.

Мектеп ұжымы қазіргі таңда оқытудың жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерін пайдалану арқылы дарынды оқушыларды дер кезінде анықтап, шәкірттерді шығармашылыққа баулуды басты парыз санайды. Осы мақсаттағы басты міндет – білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және ұлттық, азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны кәсіби қалыптастыру, дамытуға бағыт болған білім алуға қажетті шарттар жасау, оқушыларға үш тілді меңгерту, ақпраттандыру заманына сай мектепті жабдықтау жұмыстарын жүргізуді басты назарға алуда.

Похожие публикации: