01
ноябрь
2023
"Жас ұстаз: табысқа апарар жол"
31 қазан күні Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-де оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М.Арипханованың ұйымдастыруымен жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету, әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатымен "Жас ұстаз: табысқа апарар жол" тақырыбында аудан көлемінде тәлімгер мұғалімдер Қ.М.Шалгимбаева, Н.З.Исмагилова, Р.Р. Рашидов жас мамандарға әдістемелік шеберхана өткізді.


