30
апрель
2024
"Шабыт" би ансамбліне 10 жыл
29-сәуір Халықаралық би күнімен қатар, ауданымыздың белсенді азаматшасы, өз ісінің маманы, мектебіміздің мақтанышы Анистратова Наталья Александровнаның жетекшілігімен "Шабыт" би ансамбліне 10 жыл толып отыр. Бүгінде 10 жылдық есеп беру концертінің куәгері болдық, концерт өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Наталья Александровнаға зор денсаулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілеймін!!! Өнерлі шәкірттеріңіз көп болсын дегім келеді!








