23
октябрь
2019
"Жастар жырлайды" аймақтық ән фестивалі
Үржар ауданы, "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп" КММ -сінде туған жерімен өскен өңірін әнге қосып өнер саласында өзіндік үлес қосып жүрген жергілікті өңірден шыққан әуесқой сазгер, кәсіби ән өңдеуші Рахат Баймұрзаев Талғатұлының әндерін насихаттау мақсатында Рухани жаңғыру мақаласы негізінде "Отаным тағдырым" бағыты аясында "Өрле, Қазақстан" кіші жобасы бойынша "Жастар жырлайды" атты аймақтық ән фестивалі өткізілді. Рахат Баймурзаев - біздің мектептің түлегі , Үржар ауданның әнұраны "Үржарым - бақ мекен" әнінің авторы, өзінің 25 -тен аса әндері бар сазгер.