21
ноябрь
2023
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі
Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі" КММ-де ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты лездемеге Үржар ауданы әкімінің орынбасары Тұрлыбеков Біржан Қадырұлы, мектеп ұстаздары, 9-11-сынып оқушылары қатысты. Оқу ісі жөніндегі орынбасары Копбосынова Альфия Нусупқызы Олимпиада мақсаты, міндеттерімен таныстырып, олимпиадаға қатысушы 19 оқушыға сәттілік тіледі.




