15
ноябрь
2018
Мектепалды даярлық сыныптарындағы аудандық семинар
Тақырыбы: "Жаңартылған білім беруде мектепалды даярлық сыныптармен толық мерзімді топ оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың тиімді жолдары"
Мақсаты: Мектепалды білім беру деңгейінде мектепалды даярлық және толық мерзімді топтарында білім беруді заман талабына сай, жаңа мазмұнда ұйымдастыру; баланың жеке басын тәрбиелеуде азамат тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлу, рухани жаңғыру аясында салауатты өмір салтын насихаттау және әдістемелік көмек көрсету.
АКТ-ны қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Үржар ауданымыздың түпкір-түпкірінен келген ұлағатты ұстаз деген абыройлы атқа лайық, ұлттық рухымыздың жалауының жығылмауы үшін, айбынының азаймасы үшін маңдай терін төгіп жүрген, ел үшін білім саласында еңбек етіп, талай таланттарды тәрбиелеп жүрген 80 тәрбиеші-ұстаздар қатысты. Ауданымыздың білім бөлімінің әдіскерлері Рахимжанова Г.М. мен Шакенова Ш.Т. осы аудандық өткізілген семинарды жоғары деңгейде өткізілгені туралы талдап, ұсыныстар айтты.